"QazaqGaz" ҰК" АҚ басшылығы CNPC жанындағы Great Wall инженерлік бұрғылау компаниясымен келіссөздер жүргізді.

Кездесуге қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын, Қазақстандағы жобалардың іске асырылу барысын, тәжірибе алмасу және жергілікті мамандарды оқыту мүмкіндігін талқылады. 

Сонымен қатар, QazaqGaz компанияның жинақталған тәжірибесіне және өндірістік жетістіктерді зерттеуге қызығушылық білдірді.

Айта кетейік, бүгінгі таңда QazaqGaz Қазақстан аумағында геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру үшін жаңа учаскелерді сатып алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.