«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «КОР» мұнай компаниясы» АҚ акционерлерімен кездесу өткізді. Мемлекет басшысының геологиялық барлау жұмыстарын жеделдету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында тараптар Шалқар (Ақтөбе облысы) және Аққұдық (Маңғыстау облысы) учаскелеріндегі жобаларды жүзеге асырудың негізгі аспектілерін талқылады.
Сонымен қатар, отырыстың күн тәртібінде Аққұдық учаскесін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.
"Аққұдық – жақсы зерттелген, қоры дәлеледенген белгілі геологиялық блок, ол жерде газ барын білеміз. Қансу кен орнын игеру сала үшін маңызды тапсырма болып келді. Қазір біз бұл жұмысты орындауға кірістік", - деді Санжар Жаркешов.
«Shalqar Energy» ЖШС бас директоры Марат Нұрпейісовтің айтуынша, Шалқар учаскесінде геологиялық және басқа да дайындық кезеңдері аяқталды. 2016 жылғы сейсмикалық мәліметтерді қайта өңдеу, ұқсас кен орындарына талдау және бассейіндік модельдеу жұмыстарын жасау арқылы барлау ұңғымаларының орналасу орындары анықталды.
Бірінші барлау ұңғымасын бұрғылау 2025 жылдың маусымында басталады деп жоспарлануда. Бұл оқиға сала үшін маңызды кезең болады. Шалқар кен орнын игеру жер қойнауын пайдаланушыларды ынталандыру жүйесіне негізделген жаңа формула бойынша жүзеге асырылуда. Жоба сондай-ақ газ барлау сегментіндегі ұлттық компания мен жеке инвестор арасындағы стратегиялық серіктестіктің үлгісі болып табылады.
"Біз Қазақстанның ресурстық базасын кеңейту аясында геологиялық барлау жұмыстарын жеделдетуге дайынбыз. Біздің компания осыған байланысты барлық тәуекелдерді өз мойнына алады. Осы жобаларды сәтті жүзеге асыру үшін барлық кәсіби әлеуетіміз бен жинаған техникалық құзыреттерімізді пайдаланамыз. Біздің мақсатымыз - еліміздің газ саласының болашағына елеулі үлес қосу", - деді «КОР» ҰК» АҚ акционері Талғат Ахсамбиев.
Кездесу қорытындысы бойынша QazaqGaz мен KOР отандық газ саласын тұрақты дамытуға бағытталған басым жобаларды жүзеге асыру бойынша әріптестіктің одан әрі негізгі аспектілерін анықтады.