«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Джанкарло Рую бастаған «НК Оперейтинг Компани» (NCOC) делегациясымен кездесті. Кездесу барысында тараптар сұйытылған газды қабылдау, қайта тиеу және қайта өңдеу жобасын іске асыру барысы, сондай-ақ қуаттылығы 2,5 млрд текше метр газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) құрылысының ағымдағы жай-күйін талқылады.
Сонымен қатар, жобалардың орындалу мерзіміне басты назар аударылды. Компания басшылары қойған мақсаттарға жету үшін, тұрақты түрде өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
NCOC – Қазақстанда жұмыс істейтін, аймақтарда ірі жобаларды белсенді жүргізетін мұнай-газ саласындағы жетекші компания.