Астанада мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай "QazaqGaz "ҰК" АҚ кеңейтілген кеңесіөтті. Панельдік сессия аясында ұлттық компания басшылығы энергетикалық сын-қатерлер жағдайында газ саласының дамуы туралы айтып берді.
Атап айтқанда, "QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов газ саласынтрансформациялау нәтижелері және 2025-2029 жылдарға арналған жоспарлар туралы айтыпберді.
"2023 жылы QazaqGaz Мемлекет басшысы, Үкімет, Энергетика Министрлігі, Самұрық-Қазынақорының қолдауымен газ транзиті мен экспорты бойынша маңызды уағдаластықтарға қол жеткізді. Өзіміздің ресурстық базаны дамыту белсенді жүріп жатыр. Осылайша, ағымдағы күзгі-қысқы кезеңде газ тапшылығы мәселесі шешілді", - деді Санжар Жаркешов.
Сонымен қатар, компания қызметкерлері QazaqGaz-да жүзеге асырылып жатқан корпоративтікжобаларды таныстырды. Олардың қатарында BaQylau платформасын енгізу, корпоративтікмобильді қосымшаны әзірлеу, GeoQG геологиялық-геофизикалық деректердің интерактивтіцифрлық платформасы, сондай-ақ BilimQG білім беру жүйесі бар.
Іс-шара қорытындысы бойынша алдағы күзгі-қысқы кезеңге арналған мақсаттар мен жоспарларбелгіленді, сондай-ақ Қазақстан тұрғындарын табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін міндеттер айқындалды.