QazaqGazдың Ғылыми-техникалық орталығы өз қызметін жаңа бағытта жүргізеді. Ол бағыттардың бірі – оқуға қолдау білдіру. Бұл қызмет саласын кеңейту Шымкент қаласындағы оқу орталығы мен нормативтік-техникалық зертхананы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-нан QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығына беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 40-қа жуық қызметкері QazaqGaz ҒТО-ға қосылады.
Сонымен қатар, техникалық саясат, стандарттау және корпоративтік басқару салаларында жұмыс жоспарлануда.
QazaqGaz ҒТО озық технологиялық серіктестермен, R&D орталықтарымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанның және шетелдің жетекші техникалық университеттерімен серіктестік орнату бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен жөн.
Сондай-ақ, Baker Hughes компаниясымен бірлесіп, QazaqGaz қызметкерлерінің қатарынан Италиядағы Baker Hughes университетінде интенсив бағдарлама бойынша оқуға қызметкерлер таңдалынып алынған еді. Енді мұндай мүмкіндікке бұдан да көп адам қол жеткізеді. Қызметкерлер оқуға жылына екі рет баруға мүмкіндік алды. Мұндай келісімге қос тарап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаңтарда Римге жасаған сапары кезінде келген болатын.
Өзара әрекеттестік пен құзыретті дамытудың жаңа форматын жасауға әсер еткен, Eni компаниясының еншілес - Agip Caspian Sea кәсіпорнымен жасалған келісім болды. Қол қойылған құжат тұрақты даму және декарбонизация технологияларына қатысты озық тәжірибе алмасуға бағытталған білім алмасу және оқыту бойынша ынтымақтастықты кеңейтеді.
2022 жылдың қазан айында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «QazaqGaz ҒТО» ғылыми-техникалық орталығын құру туралы хабарлады. ҒТО міндеттеріне ғылымды коммерцияландыру, инжиниринг орталығын дамыту, газ саласындағы халықаралық көшбасшыларға сервистік және жөндеу жұмыстарын оқшаулау, отандық машина жасауды қолдау, сондай-ақ отандық мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау кіреді.