Шымкент қаласы еліміздегі өзге бір оңтүстік шаһар Таразбен қатар газ тарату желілерін ауқымды жаңғырту жұмыстары басталған Қазақстандағы ғана емес, бүкіл ТМД аумағындағы алғашқы қалалар. Жаңғыртудың алғашқы сатысы сәтті аяқталды. Инвестициялық бағдарлама жүзеге асырыла бастаған сәттен бері төмен, орта және жоғары қысымды ұзындығы 2308 км газ құбыры ауыстырылып-жаңғыртылды. 52 ГТП, 129 ШГТП, 30 451 ШП салынды. Шаһардың газ тарату желісі толықтай газ берудің жаңа жүйесіне қайта қосылды. Осыдан кейін қаланың әр бөлігінде және жаңа ықшамау дандардағы газ қысымы біркелкі болды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев: 

  • Жыл сайын қалада газ тұтыну көлемі артып келеді. Желілерді жаңғырту алдағы жылдарға оны тұтынатындар санын көбейтпесе, азайтпайды. Істелген жұмыстың бірнеше пайдалы тұсын атап өтуге болады. Біріншіден, нормативті техникалық шығындардың азаюы. Мысалға, Шымкентте газбен әрбір тұтынушы жерге көмілген орта қысымды құбырлармен қамтамасыз етіледі және әр тұтынушының жеке шағын ШТП-сы бар. Шағын ШТП-лар жүйесі тұтынушы үшін өте қолайлы. Егер төтенше оқиға бола қалса, компания өкілдері бір ғана тұтынушыны газдан ажыратып, басқаларына кедергі жасамайды. Оған қоса жүздеген шақырымға созылған жер үстіндегі құбырлардың жойылуы – қала мен өзге елді мекендердің көркін жақсарта түсті. Және ең бастысы, газды тұтынушыларға осындай әдіспен жеткізу – құбырлардағы көгілдір отын қысымын күндіз-түні бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов: 

  • 2009 жылы басталған ОҚО газ тарату желісін жаңғырту бағдарламасының арқасында мұнда газбен қамтудың техникалық базасы кеңейді. Болат құбырлар пайдалану мерзімі әлдеқайда ұзақ әрі электрхимиялық қорғанысты қажет етпейтін полиэтиленге ауыстырылып жатыр. Бұл оларды жөндеуге кететін шығындарды едәуір азайтады. Бұл жобаны жүзеге асырудан келетін тиімділік – жүйенің газ өткізу мүмкіндігі сағатына 85 мың м3-ден 258 мың м3-ге дейін көбейеді және жоғары қысымды газ құбырларын бірнеше рет шығыршықтау арқылы бүкіл жүйенің сенімділігі артады. 

Өңірде жаңа газ инфрақұрылымы құрылды, тозығы жеткен құбырлар полиэтилен құбырларға ауыстырылуда, ескірген газ тарату пункттерінің орнына блокты-жиналмалы пункттер салынып жатыр. ОҚО газ тарату желілерінің жаңғыртылуы нормативті техникалық шығындардың және газ жеткізу кезіндегі өндірістік шығындардың азаюына себеп болды. Жоба басталғалы газбен жабдықтаудың жаңа жүйесіне облыс орталығының 250 000 тұрғынының 55 мыңы ауыстырылды.

Модернизацияның басты техникалық жетістіктері ретінде келесілерді атауға болады:

- тозығы жеткен газ құбырлары полиэтиленге ауыстырылды;

- ескірген ШТП – блокты-жиналмалы пункттерге ауыстырылды, гидравликалық есеп негізінде газ тарату желілерінің жүйесі мен диаметрі оңтайландырылды;

- жеке ШП орнату арқылы газды редуциялаудың екі сатылы жүйесіне ауысу;

- ГТП деңгейінде автоматтандырылған газды тұтынуды есептеу және ШП деңгейінде газ шығынын есептеу жүйесіне көшу;

- мәліметтерді тікелей серверге жіберетін электронды есептеу құралдары орнатылды.

Жаңғырту жобасын жүзеге асырудың нәтижесінде жалпы ұзындығы 2390 км жаңа газ құбыры пайдалануға беріледі.

Пресс-служба  «ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Тел: 8(7172) 55 23 16