Газ мамандары газ тарату жүйелерін жөндеп, ескі құбырларды жаңасына ауыстыруда. Қалада дайындық жұмыстары 72 пайызға аяқталды. 

«Газ саласы үшін жасалып жатқан жұмыстар өте маңызды. Біз халықты газбен үздіксіз қамтамасыз етіп, газ тасымалдаудың қуатын арттыруымыз керек. Ұлттық компания ретінде өзіміздің қаражатымыздың есебінен, халықты газбен қамтамасыз ету үшін барлық жұмысты жасап жатырмыз», – деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ  басқарма төрағасы Санжар Жаркешов. 

Модернизациялау бағдарламасы инвестициялық жобаны жүзеге асыру аясында жүзеге асуда. Ескі құбырлардың 76 км ауыстырылды, сонымен қатар жаңа газ тарату станциясы салынды. 

Бұдан басқа, QazaqGaz газ есебіне аса назар аударуда. Абоненттің мекен-жайын навигацияның спутниктік жүйесі анықтап, газ мамандары оны тұтынудың көлемін қашықтан бақылайды. 

Күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары толықтай 1 қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда.