Негізгі баяндаманы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов жасады. Баяндамашы өткен кезең ішінде газ тасымалдау көлемі 10 млрд. 071 млн. 106 мың текше метрді құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 20%-ға артқанын атап көрсетті (8 млрд. 368 млн). Ал компания пайдалануындағы тарату және магистральдық газ құбырларының жалпы ұзындығы өткен жылы 26330,80 шақырымнан 35870,18 шақырымға дейін ұлғайып, 26,6%-ға артқан.
Бүгінгі таңда Ұлттық оператор Қазақстанның 10 аймағында 7 млн-нан астам тұрғынды және 30 мыңнан астам кәсіпорынды газбен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді.
Жетістіктер туралы айта келе, Ғалым Айдосов, компания қызметкерлерінің еңбегі арқасында көрсетілетін қызмет сапасы артқанын, былтыр 2015 жылы Компаниямыз 70 елді-мекен, 60 мыңнан астам отбасын жаңадан газ жүйесіне қосты. Бұған дейін, жыл сайын ҚазТрансГаз, әрі кетсе 30 мың абонентті орталық газ жүйесіне қосып келсе, былтыр бұл көрсеткіш екі есеге өсті. Ішкі нарықтағы газ тұтыну көлемі 12 млрд текше метр газды құрады.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралдық газ құбырының «Бейнеу-Бозой» бөлігінің құрылысын аяқтап, «Қазақстан-Қытай» газ құбырының үшінші желісінің іске қосылуы еліміз үшін аса маңызды оқиғаға айналды. Бұл - Қазақстан аумағы арқылы газды кез-келген бағытқа тасымалдап, газ импортына тәуелділіктен толықтай арылуға мүмкіндік берді. Бұған дейін газ тапшылығын сезініп келген оңтүстік өңірлер, осы жылыту маусымы кезінде, өзіміздің қазақстандық газды қажетті мөлшерде алып, тұңғыш рет тұрақты әрі үздіксіз пайдаланды.
Жиын барысында сөз алған Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және түрғын ұй коммуналдық шаруашылық басқармасының газдандыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімнің бас маманы Болат Қалиев облыстық әкімшілік пен компанияның жергілікті филиалы өзара түсіністік пен қолдау принципі негізінде әріптестік орнатқанын атап өтті. «Бүгінде Тараз бойынша ескі құбырларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осы арқылы компания облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосуда»- деді Б.Орынбеков. Облыс әкімінің орынбасары биылғы жылыту маусымының сәтті аяқталуымен ұжым мүшелерін құттықтай келе, кәсіби шеберліктері үшін алғыс білдірді.
Оңтүстік аймақтарда жүріп жатқан газбен жабдықтау желілерін ауыстыру мен жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама оң нәтиже бере бастады. Мысалы, Шымкент қаласындағы абоненттер «көгілдір отынды» жаңартылған жүйе арқылы алып отыр. Тараз қаласының газ тарату жүйелерін жаңарту бағдарламасы шеңберінде екі сатылы газ беру жүйесіне өту арқылы газ тасымалдау жүйесін түбегейлі өзгерту қарастырылған, бұл өз кезегінде барлық тұтынушыларға үздіксіз және қауіпсіз газ беруді қамтамасыз етеді. 2015 жылы Тараз қаласында 261,98 км жаңа газ құбыры тартылды. Сондай-ақ жыл ішінде 6 888 жеке шкафтық тарату пункттер (ШТП) орнатылды және газбен жабдықтаудың жаңа схемасына 1,9 мың абонент қайта қосылды.
2015 жылы Талғар қаласында жаңа Жетісу өндірістік филиалын ашу арқылы Компания Алматы облысын газбен жабдықтау нарығына кірі.
Тұтынушылардың газ ұрлауын болдырмау мақсатында, 2014 жылдың басынан бері, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында газ режимін есепке алатын автоматтандырылған құралдарды (ГРЕҚ) өнеркәсіптік кәсіпорындарға орнату және іске қосу жұмыстары белсенді жүргізіліп келеді. 2015 жылы Жамбыл облысында 28, Оңтүстік Қазақстан облысында – 18, Қостанай облысында – 2 ГРЕҚ орнатылды.
Қолданыстағы трансформациялау бағдарламасы шеңберінде, сондай-ақ сервистік қызмет түрлерін тиімді басқару мақсатында, ӨФ мен қызмет көрсететін РЦКУ компаниясы (Биллинг) арасында қызметтің кейбір түрлеріне (газ тұтыну талаптарын бұзушы тұрмыстық және/немесе коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтауға қосу/ажырату, газды алғашқы рет және қайта беру, газды есептеу құралдарын пломбалау және т.б.) аутсорсингке арналған агенттік келісімдер әзірленді және қолданысқа енгізілді.
2015 жылдың басынан, биллинг компаниялары және Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығымен (ҚБЕАО) бірлесіп, төлемдерді жинау қызметтерін жақсарту мақсатында Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қостанай облыстарында бірыңғай төлем құжатын (БТҚ) енгізу және қолдану жұмыстары жүргізілді. Бұл - тұтынушылар үшін төлемді жеңілдетуге және коммуналдық қызметтер үшін төлем жүргізуге байланысты осы және басқа мәселелерді шеше отырып, тұтынушы өзара әрекеттесуге мәжбүр болатын инстанция санын азайтуға мүмкіндік береді.
Компаниямыз «инвстицияларды тариф есебінен қайтару» формуласы бойынша аймақтарда ірі инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыруда. Ұлттық оператор тозығы жеткен мыңдаған шақырым газ құбырын ұзаққа төзімді жаңа құбырлармен жаңартты.
Былтыр «ҚазТрансГаз» Қызылорда облысының 4 елдімекеніне – Әйтеке би, Шиелі, Жаңақорған және Арал қалаларына ұзындығы 1400 км газ құбырын жаңадан жүргізді.
Ақтөбе облысында Комсомол, Ойыл, Қосестек, Ырғыз елдімекендеріне газ жеткізуге арналған ұзындығы 250 км. газ құбырының құрылысын аяқтады. Маңғыстау облысында Жыңғылды, Таушық, Батыр, Бейнеу елді-мекендеріне жалпы ұзындығы 221 км жаңа газ құбыры төселіп, осы аумақтағы ескі құбырларды жаңарту жұмыстары да жүргізілді.
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаздың» алдында, 2020 жылға дейін еліміздің 8 аймағында 7 мың км-ден асатын газ құбырын төсеп, жаңарту жоспарлары тұр.
2014 жылы EFQM әдістемесі бойынша Компания 3 жұлдызды сапа деңгейіне ие болды және 2015 жылы сыртқы валидаторлар тобының сәтті бағалауынан кейін, келесі " EFQM танылған жетілдіру - 4 Жұлдыз" (Recognised for Excellence 4 Star) деңгейін растады.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ міндеті – адамдарға жылу мен қуаныш сыйлау, еліміздің өркендеуіне үлес қосу.
«ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-23-16