Газ саласын дамытудың Кешенді жоспары мен «Самұрық-Қазына» АҚ ұзақмерзімді стратегиясына негізделіп жасалған құжатта, компаниялар тобы бағыттарының жоғары сатыдағы диверсификациясы ескерілген. Даму стратегиясының жобасында жұмыстың келесі бағыттары қамтылған:

  • Сұранысты оңтайландыру үшін өзгерістерді ынталандыру;
  • Тарифтер мен баға белгілеу;
  • Геологиялық барлау жұмыстары мен қайта өндіру;
  • Газды қайта өңдеу (газ өңдеу зауыттары);
  • Сауда операциялары;
  • Газ тасымалдау жүйесі мен газды жер асты сақтау қоймасы;
  • Газ тасымалдау жүйесі;
  • Даунстрим;
  • Операциялық және инвестициялық жұмысты жетілдіру;
  • Жоғары құзыретті ұйымды дамыту;
  • Цифрландыру;
  • ESG рейтингін алуға және IPOға шығуға дайындық.

Жоғарыда аталған бағыттарға QazaqGaz компаниялар тобы басты назарды аударып отыр.  Даму стратегиясының жобасы құжатты әзірлеу жөніндегі төрт Басқарушы комитетте, сондай-ақ ұлттық компанияның негізгі мүдделі тараптарының қатысуымен өткен стратегиялық сессияда талқыланып, қаралды.

Еске салайық, 2021 жылдың соңында QazaqGaz Ұлттық компания мәртебесіне ие болды. «2021 - 2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына сәйкес QazaqGaz компанияны IPO-ға шығару, оның ішінде компанияның инвестициялық және операциялық тартымдылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.