«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық ғылыми орталығының директоры Жапсарбай Сұлтанбековпен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде «QazaqGaz» ҰК» АҚ еншілес компаниясы – «QazaqGaz ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС мен «Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Құжат ақпарат алмасу және табиғи процестердің мониторингі мен төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен жұмыс барысындағы ұзақ мерзімді өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.
Табиғи және техногендік факторлармен байланысты тәуекелдерді, оның ішінде сейсмикалық белсенділік пен геодинамикалық процестерді ескере отырып, тұтынушыларды апатсыз және үздіксіз газбен қамтамасыз ету өте маңызды.
Қос тарап сейсмикалық тәуекелдерді бағалау, экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ ғылыми-талдамалық материалдармен алмасу бағытында өзара іс-қимылды дамыту жөнінде келісті.