Талсуат елді мекеніне 31 км газ құбыры тартылып, 4 газ реттеу пункті салынды. Бұл нысандар ауылдың 3 мыңнан астам тұрғыны мен 3 әлеуметтік мекемені табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Газ саласы ардагерлерінің Республикалық Кеңесі Қызылорда филиалының басшысы Саттар Пікірбековтың айтуынша, мұндай ауқымды газдандыру жұмыстары бұл аймақта бұрын-соңды болған емес. «Облыста не болып еді? Алысқа барудың қажеті жоқ. Қызылорданың өзінде қаланың орталығында ғана газ болды, - деп естеліктерімен бөлісті газ саласының ардагері. – Тамақ әзірлеп, қыста үйді жылыту үшін көмір пайдаланып келдік. Әрине бұл тұрғындардың өмірін жеңілдетті дей алмаймыз. Қазір жағдай тіпті басқа! Газ әрдайым да жайлылықтың белгісі болды. Облыстың осындай қарқынмен газдандырылуы бәрімізге қуаныш әкелді. Мұны мен кәсіби маман ретінде айтып отырмын!».

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының директоры Талғат Қызылбаевтың айтуынша, Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компаниясы өңірдің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Былтыр 4 аудан орталығына газ берілді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында, Жаңа жыл қарсаңында бұл газ саласы қызметкерлерінің Сыр халқына жасаған сыйы. Ұлы Даланың қуаты әрбір қазақстандықтың үйінде лаулап, елдің тұрмысы жақсаруаны бағытталған жұмыстарымыз жалғаса береді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі 

Тел: 8(7172) 55 23 16