Газ тарату желілерін салу нарығында қызметтердің осы түрлеріне лицензиясы бар мыңдаған жеке фирмалар жұмыс істейді. Бұл фирмаларды мемлекеттік бюджеттен газдандыруға қаражат бөлінетін әкімдіктер жұмысқа тартады. Бірақ, мамандардың бағалауы бойынша газдандыру бойынша жұмыстар үнемі адал орындала бермейді, сол сбепті қауіпсіздікке қатер төндіреді. 

Осы жылдың 9 айында ғана елдің 5 газдандырылған өңірлерінде арнайы лазерлік детоктордың көмегімен әкімдіктердің тапсырысы бойынша салынған және оның ішінде тұрғын үй-жайларға жапсарлас салынған газ құбырларынан 2 848 газдың шығуы анықталды. Әрбір осындай анықталға жағдай – аварияның алдын алу және адамдар өмірін сақтап қалу.

Бұл істі осылай қалдыруға болмайды. Жыл сайын мамандар сапасыз құрылыс-монтаждау жұмыстары және объектілердің техникалық жай-күйін тиісті бақылаудың болмауы фактілеріне жиі кездеседі.

Талдау, газдың шығудың кеңінен таралған себебі – жеке мердігер-фирмалардың немқұрайлы қарым-қатынасы екендігін көрсетіп отыр. Өкінішке орай, көптеген жалдамалы мердігерлер өз жұмысын адал орындамайды. Бұл ретте әкімдіктер өрескел бұзушылықпен орындалған объектілерді қабылдайды және ақысын төлейді. Одан әрі, өзінен барлық жауапкершілікті алып тастай отырып, салынған желілерді газ тарату компанияларының жергілікті филиалдарына балансқа беруге талпыну болады. 

Әкімдіктер балансында тұрған газ тарату желілеріне қызмет көрсетуге қаражаттың болмауы қосымша проблема болып табылады. Бұл одан әрі газ құбырын пайдалану кезінде газдың шығуына әкеледі, ол тек қана  ауаға таралады. Бұл үшін адамдарға тарифті асырып төлеуге тура келеді. Газ операторы да осы жоғалтулардан едәуір шығын көруде. Бірақ ең өкініштісі – бұл апатты төтенше жағдайға себеп болуы мүмкін.

Көптеген жағдайда ТЖ-ны «ҚазТрансГаз» АҚ қолданатын инновациялық технологиялар арқасында болдырмауға болады. Қазір газ саласы жұмыскерлерінің жасақталуында «Пергам»жоғары сезгіштігі бар жабдықпен жасақталған арнайы автомобильдер бар.  Цифрлық детокторлар көп қабатты ма, жеке үй ме немесе газ құбырының өзі ме тәуелсіз газдың шығу ықтималы бар аймақты жоғары дәлдікпен анықтайды. Арнайы бамперлік жүйе және лазер 60 метр радиуста метанның шығуын анықтай алады.

Ағымдағы жылы газ тарату шаруашылықтарын пайдалану жөніндегі мамандар жергілікті жерлерде 2 070 газдың шығуын жойды.Қалғандары оқшауланды, одан әрі жөндеу үшін өтінімдер авариялық-диспетчерлік қызметке берілді.

Қауіпті жағдайларға жиі әкелетін тағы бір себеп тиісті келісусіз және алдын ала аумақты талдаусыз газ желілерін санкцияламай салу болып тұр. Бұл үшін жауапкершілік тағы да жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.

Мысал ретінде, Алматы қаласында таяуда болған ТЖ айтуға болады, онда жөндеу жұмыстары кезінде жаңа газ құбыры тесілген, одан әрі газ шығып жарылысқа әкелген және адамдар зардап шекті. «Сигма» ЖШС тарапынан  болған немқұрайлылық және жұмысты адал емес орындау осындай оқыс оқиғаға алып келді. Мердігерге газ құбырын қайта қалпына келтіруге тура келді, себебі ол кепілдікті қызмет көрсетуде тұрған еді. 

Тағы бір мысал Шымкент қаласында «Нұрсат-3» шағын ауданында осы жылы болған ТЖ. Жергілікті тұрғындар көшеде қатты газ иісін сезіп, авариялық қызмет жұмыскерлерін шақырған. Анықтай келе «Канфар билдинг» ЖШС жер асты коммуникацияларының иелерінің келісімінсіз тұрғын үйге котлован қазу бойынша жердегі жұмыстарды жүргізген.

Нәтижесінде, төменгі және орташа қысымдағы 2 жер асты полиэтиленді газ құбырын бұзушылық болған. 16  ірі панельді үйлер, 2 016 пәтерлер және бір коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын газбен жабдықтаусыз  қалды. Газ саласы жұмыскерлерінің арқасында адамдар зардап шеккен жоқ.

Барлық газ саласының инфрақұрылымға стратегиялық объектілерге жататындығын және әрбір жергілікті ТКШ-да  болуы тиіс елді мекендердің схемаларында толықтай есепке алынатындығын және тіркелетіндігін қосымша айтқымыз келеді. Бұған қоса, жөндеу бригадаларының жасақталуында міндетті түрде алдағы құрылыс пен жөндеу орнын сканерлейтін аспаптар болуы тиіс. Оларды қолдану газ құбыры бұзылмайтындығына жүз пайыз кепілдікті қамтамасыз етеді. Бірақ, жергілікті билік органдары адам өміріне қауіп төндіре отырып артық жүтеме алғылары келмейді.

Газды қауіпсіз пайдаланумен байланысты тағы бір маңызды проблема, бұл барлық ақылға қонымды және қонымсыз нормаларды бұзушылықпен орнатылған газ жабдығын пәтерлерде және үйлерде пайдалану. 

Газ жабдығына немқұрайлы қарау – жазатайым оқиғаларға тікелей жол болып табылады. Өкінішке орай, адамдар бұл жағдайда өзін, өз жақындарын және өз мүлкін қандай қауіпке тартып отырғандығын түсінбейді. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап қыркүйек айын қоса алғанда осы себеп бойынша уытты газдан уланған 36 жазатайым жағдай орын алып, 48 адам өлімі болды.

Таяуда Алматы қаласының Алатау ауданында Османова көшесіндегі №7 үйде газ плитасын пайдаланған кезде конфорка ашық күйде қалдырылған. Нәтижесінде 7 адам табиғи газбен уланды, оның 4-еуі балалар. Тергеу барысында үйде түтіндіктің болмағандығы анықталды.

Жылыту маусымы басталғаннан бастап тұтынушыларға «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңға сәйкес пәтер ішінде және жеке үйлерде газ жабдығын дұрыс орнату, жөнделгені және пайдалану үшін жауапкершілік  тұтынушылардың өздеріне жүктелетіндігі туралы ескерту қажет. Газ аспаптарын дұрыс пайдалану қағидаларын сақтаңыздар, сол кезде көгілдір отын Сіздер үшін қауіпсіз болады және қажетті тұрмыстық жайлылықпен қамтамасыз етеді. 

Дереккөз: "Казахстанская правда" газеті