Жаркешов Санжар Серікбайұлы 1986 жылы Қарағанды облысының Атасу кентінде дүниеге келген. Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "Қаржы" мамандығы бойынша және Техас Университетін (Остин қ., АҚШ) «Мұнай-газ инжинирингі» мамандығы бойынша бітірген.

2008 – 2010 жылдары «Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының» химиялық технологияларды қолдану жолымен мұнай-газ беруді арттыру жөніндегі инженер-зерттеуші болып істеді, Остин қ., Техасс шт. (АҚШ).

2010 – 2016 жылдары «ExxonMobil» корпорациясында Калифорния, Колорадо, Техас (АҚШ) штаттарында және Атырау облысында бұрғылау инженері, Иракта – бұрғылау аға инженері, Ресей Федерациясында – бұрғылау бас инженері (Сахалин аралы), Атырау қаласында – «Қашаған» жобасының мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысында ұңғымаларды жайластыру жөніндегі аға жобалау инженері болып жұмыс істеді.

2016 – 2018 жылдары – Шотландияның Перт қаласындағы «Merlin ERD» компаниясында кәсіпшілік супервайзерлердің жетекшісі және бұрғылау жөніндегі жетекші инженер болды.

2018 – 2019 жылдары – Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты (АҚШ) және Ұлыбританиядағы жобаларда «McKinsey and Company» Лондондық офисінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы кеңесшісі және жаһандық сарапшысы болды.

2019 – 2020 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар   вице-министрі, геология саласына жетекшілік етті.

2020 жылғы мамырдан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін – «Нафтогаз УГВ» Бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары – Украинаның «Нафтогаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының «Барлау және Өндіру» дивизионы директорының орынбасары.

С.С. Жаркешов Британдық Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің мүшесі, Британдық «Кәсіпқой-Инженер «Chartered Engineer» атағының иегері.

Наградалары:

Халықаралық сыйлықтары: «Инновация үшін», Хьюстон қ. (АҚШ) және Дүниежүзілік мұнай-газ өнеркәсібі инженерлері қоғамының (SPE) «Бұрғылау саласындағы үздік жетістіктері үшін» (SPE Drilling Engineering Award), Баку қ. (Әзірбайжан); Королева Елизавета II сыйлығы: «Queen' s Award for Enterprise», «Ұлыбританияның мұнай-газ индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін» (Merlin ERD компаниясының құрамында), Лондон қ., Ұлыбритания.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.