2026 жылғы 29 сәуірде «QazaqGaz» ҰК» АҚ айналым мерзімі 10 жылдық 700 млн АҚШ доллары көлеміндегі еурооблигацияларды сәтті орналастырды.

Reg S/144A форматындағы аталған еурооблигациялар жылдық 5,625% купондық мөлшерлемемен шығарылды. Еурооблигациялар Вена қор биржасында, Astana International Exchange және Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылды.

Еурооблигацияларға Moody’s агенттігі тарапынан Baa2 және S&P агенттігі тарапынан BB+ рейтингтері берілді, бұл QazaqGaz компаниясының корпоративтік рейтингтеріне сәйкес келеді.

Citi және J.P. Morgan бірлескен жаһандық үйлестірушілер әрі бірлескен букраннерлер ретінде әрекет етті. Бірлескен жетекші менеджерлер әрі бірлескен букраннерлер - MUFG және Oman Investment Bank. Қазақстандық жетекші менеджер ретінде Halyk Finance, ал қазақстандық бірлескен менеджер ретінде Freedom Finance қатысты.

Тартылған қаражатты ұлттық компания 2027 жылы өтеу мерзімі аяқталатын 706 млн АҚШ доллары көлеміндегі еурооблигацияларды қайта қаржыландыруға бағыттауды жоспарлап отыр.