QazaqGaz мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына кепілдік беру және өзі жұмыс істейтін аймақтардың дамуына оң үлес қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді сақтай отырып, өз бизнесін үздік халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту.
Жұмыскерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау - QazaqGaz әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Басшылықтың қолдауының арқасында қызметкерлер жоғары деңгейдегі жарыстарда танылуға қол жеткізеді.
- Биыл газ қызметкерлері «Самұрық-Қазына»-ның 15 жылдығына арналған марафонға қатысты.
- Жыл сайын QazaqGaz компаниялар тобының жұмыскерлері арасында спартакиадалар өткізіледі. Оған Қазақстанның түрлі облыстары мен компанияның өндірістік филиалдарының жұмыскерлері қатысады.
- Жас мамандар компания өткізетін спорттық іс-шараларға ғана емес, сонымен қатар Ironman, Астана, Алматы және Түркістан марафондарына да белсенді қатысады.
- «QazaqGaz» ҰК» АҚ 2022 жылы корпорациялар арасында Қазақстан Республикасы шахмат кубогының бірінші онлайн турниріндегі шахматтан үздік 5 команданың қатарына енді.
Қызметкерлердің белсенділігін, уәждемелігін және Компания өміріне тартылуын арттыруға ықпал ететін корпоративтік мәдени іс-шаралар өткізіледі.
- Топ-менеджменттің еліміздің түкпір-түкпірінен келген компаниялар тобының қызметкерлерімен Town Hall форматында кездесулері өткізіледі. Кездесуге офлайн және онлайн режимде Сараптама кеңесінің, Ардагерлер кеңесінің мүшелерінен, орта буын басшыларынан, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен газ тасымалдау жүйесінің өндірістік филиалдары мен объектілерінің өкілдерінен тұратын 500-ге жуық адам қатысады.
Персоналдың уәждемелігін арттыру және ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады:
- Еңбек тану бағдарламалары
ЕТҰ-да жыл сайын кәсіпқойлар арасында «Үздік маман» конкурсы өткізіледі. Бұл ұлттық компания ұйымдастыратын дәстүрлі іс-шара. Байқаудың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлікті жетілдіру, сондай-ақ жұмысшы кәсібінің беделін арттыру.