QazaqGaz мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына кепілдік беру және өзі жұмыс істейтін аймақтардың дамуына оң үлес қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді сақтай отырып, өз бизнесін үздік халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту.
«QazaqGaz» ҰК» АҚ жанынан сараптамалық кеңес құрылды, ол практикалық және теориялық қолдау көрсетеді, сондай-ақ компания алдына қойылған аса маңызды мәселелерде барынша тиімді және экономикалық тұрғыдан орынды ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сараптамалық кеңес - бұл шешімдері ұсынымдық сипатта болатын консультациялық орган. Компанияда «QazaqGaz» ҰК» АҚ басшылығы кеңестің отырыстарын жүйелі негізде өткізуге мүдделі екенін атап көрсетілді.
Сараптамалық кеңеске ғылым, жоғары технологиялар, цифрлық даму, өндіріс және бизнес мәселелерінде құзыретті және тәуелсіз сарапшылар болып табылатын газ саласының ең беделді мамандары кірді.
Бұдан басқа, сараптамалық кеңес компанияның жаңартылған стратегиясын қалыптастыруға арналған «Жаңарған QazaqGaz» жаңа көзқарасын талқылау үшін маңызды алаңдардың біріне айналады.
Мұнай-газ саласында үлкен тәжірибесі бар Анатолы Орынғалиұлы Тегісбаев сараптамалық кеңестің төрағасы болып сайланды. Оның орынбасары геология-минералогия ғылымдарының докторы Дулат Қалимұлы Әжғалиев болды.