QazaqGaz мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларына кепілдік беру және өзі жұмыс істейтін аймақтардың дамуына оң үлес қосуды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді сақтай отырып, өз бизнесін үздік халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту.
Qazaqgaz компаниялар тобы ҚР еңбек заңнамасының талаптарын қатаң орындайды және оның нормаларын бұзбайды. Әрбір қызметкердің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктері бар.
Персоналды ынталандыру тәсілі ең алдымен еңбекақының лайықты деңгейін, ашықтықты және қызметкерлердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Компания өндірістік көрсеткіштерді орындағаны үшін жалақы мен сыйлықақылардан басқа мынадай төлемдерді: қызметкерлерге материалдық көмек, әлеуметтік жәрдемақылар, әлеуметтік кепілдіктер, өтемақы төлемдері, біржолғы төлемдер мен сыйлықақыларды уақтылы жүзеге асыра отырып, қызметкерлер алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындайды.
Қызметкерлердің дербес деректерінің құпиялылығы туралы хабарлама