Қызметкерлерді жетілдіру бағдарламалары

2023 жылғы тамыз айында QazaqGaz қызметкерлері үшін көліктегі қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тағудың маңыздылығын түсіндіру үшін «Stop ЖКО» акциясы өтті. «Stop ЖКО» науқаны аясында қызметкерлер жол-көлік оқиғаларына ұшырау қаупі туралы хабардар болды, сондай-ақ ЖКО кезінде қауіпсіздік белдігінің тиімділігін іс жүзінде бағалауға мүмкіндік алды. Іс-шара алаңында алдынан соқтығысуды имитациялайтын тренажер орнатылды. Акцияға «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов және «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.

Іс-шара «QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобының өндірістік қауіпсіздік жөніндегі 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде өткізілетінін атап өту қажет. «STOP ЖКО» науқаны 2023 жылғы сәуірде «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның Қостанайдағы кәсіпорнында басталды. Осыған ұқсас акциялар Ақтөбеде, Оралда және Атырауда өтті. Жыл соңына дейін ЖКО тренажерін республиканың орталық және оңтүстік облыстарындағы бөлімшелердің қызметкерлері сынақтан өткізеді.

2023 жылғы 4 тамызда «Самұрық-Қазына» АҚ өндірістік қауіпсіздік бойынша II Форум өткізді. Іс-шара «Еңбектің қауіпсіз және салауатты болашағы» ұранымен өтті. Форум шеңберінде спикерлер «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларындағы өндірістік қауіпсіздік саласындағы ағымдағы жай-күй мен сын-қатерлер туралы айтты.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-дағы ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесінің регламенті

«QazaqGaz» ҰК» АҚ бірлестіктерінің еркіндігі саясаты