Өндірістік қауіпсіздік

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-да ТЖ-ға дайындықты қамтамасыз ету және оларға ден қою процесі заңнамалық талаптарға және ішкі регламенттеу құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

ТЖ-ға ден қою саласындағы тәуекелдерді бағалау «Қауіпті зиянды өндірістік факторларды сәйкестендіру, тәуекелдерді бағалау және басқару шараларын белгілеу» құжатталған рәсімімен реттеледі. Құжатқа сәйкес, Компания үш тәсілдің негізінде ТЖ саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды жүргізеді: - осы оқиғалардың бұрын болған жиілігін анықтау мақсатында, Компания объектілерін пайдаланудың тиісті деректерін пайдалану және осыған сүйене отырып, олардың болашақта болатын жиілігін бағалауды анықтау; -жүйенің жұмыс істемеуінің немесе апатының барлық ықтимал салдарларының диаграммасын талдау («ақаулар ағашы») және осы оқиғаның ықтимал салдарларының диаграммасын талдау («оқиғалар ағашы») сияқты техникалық әдістерді қолдана отырып, оқиғалардың жиілігін болжау; - сарапшылардың пікірін қолдану.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-да Апаттарды жою жоспарына сәйкес ТЖ-ға ден қоюдың үш деңгейлі құрылымы жұмыс істейді:

1-деңгей - жауапты Желілік басшы өз ресурстары арқылы учаскеде немесе объектіде зардаптарын жоятын оқиға/қоршаған ортаның ластануы;

2-деңгей - әсері объектінің шегімен шектелген, алайда әсердің объектіден тыс таралу қаупі бар оқиға/қоршаған ортаның ластануы «QazaqGaz» ҰК» АҚ жұмыскерлерінің күшімен немесе қосымша қолдау ресурстарын тарту арқылы жойылады;

3-деңгей - оның салдарын жою үшін Компания ресурстары жеткіліксіз және мемлекеттік және жеке авариялық қызметтерді тарту үшін ТЖ басқару тобын белсендету талап етілетін оқиға/қоршаған ортаның ластануы.

2023 жылы Компания «QazaqGaz» ҰК» АҚ объектілерінде және магистральдық газ құбырларында авариялардың алдын алу және оларды болдырмау бойынша Компания жұмыскерлерін оқытуды жүргізу бөлігінде ТЖ-ға ден қою саласындағы міндеттемелерді жалғастырды. Осыған байланысты, жұмыскерлерді «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум» және «Электр қауіпсіздігі» бағыттары бойынша оқыту тұрақты түрде жүргізіледі, сондай-ақ Компания жұмыскерлерінің хабардарлығын арттыру мақсатында, қауіпті факторларды ескере отырып, корпоративтік пошта және ақпараттық-портал арқылы қауіпсіздік шаралары туралы жадынамалар мен брошюралар таратылады.

Мердігерлермен жұмыс

«QazaqGaz» ҰК» АҚ мердігерлермен жұмыс істеу кезінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ аспектілерін басқару бөлігінде екі тараптың өзара құрмет және өзара іс-қимылына негізделген жауапты тәсілді қамтамасыз етуге ұмтылады. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді көрсету туралы шарт (бұдан әрі – ТЖҚ) жасасу кезінде, мердігер ұйымдарға ЕҚ және ӨҚ саласындағы талаптар қойылады.

Белгіленген еңбек қатынастарына сәйкес, «QazaqGaz» ҰК» АҚ объектілерінде жұмыс жүргізетін мердігерлер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Компанияның ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы стандарттары мен нормаларын сақтауға міндетті. Қолданылатын жерде мердігерлік ұйымдар орындалатын жұмысқа байланысты тәуекелдердің алдын алу және азайту мақсатында, жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі жоспарды әзірлеуге міндетті. Бұл ретте, мердігерлік ұйымдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды дербес жүзеге асырады.

Шарттарды (сатып алу) дайындау, келісу, жасасу, орындау және мониторингтеу қағидаларына сәйкес, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-да Орындаушы/Мердігер ұйымдарына денсаулық сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндетті талаптар белгіленген.

Орындаушы/Мердігер жұмыстарды орындау/қызмет көрсету аумағында қолданылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, магистральдық құбыр туралы қолданыстағы нормаларды және өзге де нормативтік актілерді сақтай отырып, қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға тиіс және өлім-жітімнің, жазатайым оқиғалардың, мүлікке және қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

Орындаушы/Мердігер Орындаушының/Мердігердің және Қоғамның Денсаулық Сақтау, Өнеркәсіптік Қауіпсіздік және Қоршаған Ортаны Қорғау саласындағы стандарттарға, қағидаларға және саясатқа (бұдан әрі - 03, ӨҚ және ҚОҚ) сәйкес қызметтер көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға келіседі.

Орындаушы/Мердігер

•Онда уәкілетті Орындаушы оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау талаптарының анықталған сәйкессіздіктерінің жазбаларын жүргізетін, техникалық және экологиялық қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру журналын жүргізуге,

•Тапсырыс берушіге алаңда немесе қызмет көрсетуге немесе жұмыстарды орындауға байланысты, оның ішінде қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуымен және төгілуімен болған авариялар туралы, олар анықталғаннан кейін, дереу хабарлауға,

•Қажет болған жағдайда, Шартқа 03, ӨҚ және ҚОҚ жоспарын әзірлеуге және Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша Тапсырыс берушінің барлық ішкі талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге. Шартқа 03, ӨҚ және ҚОҚ жоспары Тапсырыс берушінің ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ қызметімен келісілуі және оны Орындаушы мен Тапсырыс берушінің уәкілетті өкілдері бекітуі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, жұмыстар орындалатын/қызметтер көрсетілетін Объектінің өрт қауіпсіздігі бойынша қажетті іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.